Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 наурыз күні Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері №1 МГ оқушыларына интерактивті сабақ өткізді. Іс-шара оқушылардың өмір қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Сабақ барысында департамент мамандары балаларға азаматтық қорғаныстың мақсаттары мен міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету тәртібі туралы түсінікті әрі көрнекі түрде баяндап, сондай-ақ жедел қызметтердің телефон нөмірлерін еске салды.

Сабақтың интерактивті форматы оқушыларға тек теориялық білім алып қана қоймай, түрлі жағдайларды талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін модельдеп, қауіпсіздік тақырыбы бойынша өз білімдерімен бөлісті.

Кәсіби бағдар беруші: А.Р. Ахметжанова


Текст