Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларға әлеуметтік қолдау

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Қымбатты дос!
Егер сен жанжалдың, буллингтің куәсі болсаң немесе саған көмек қажет болса:
1.Бұл проблема екенін түсін.
Егер біреуді үнемі ренжітсе, бұл өздігінен шешілмейді. Үнсіз қалмау және әрекет ету өте маңызды.
2.Ересек адамға айт.
Ата-анаңа, сынып жетекшіңе/кураторыңа, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгін. Егер өз мәселеңді ешкімге айтқың келмесе, «111» байланыс орталығына хабарлас. «111» нөміріне қоңырау шалуға немесе мектебіңде/колледжіңде орналасқан QR-код арқылы жүгінуге болады. Мамандар тобы саған міндетті түрде көмектеседі.
3.Белгісіз кейіпте өтіп кетпе.
Егер буллингті немесе жанжалды көрсең, өзіңе қауіп төндірмей, оны тоқтатуға тырыс. Егер қолыңнан келмесе - дереу ересектерден көмек сұра немесе полицияға «102» нөміріне қоңырау шал.
4.Буллингке қарсы екеніңді көрсет.
Ренжітушілерге мұндай мінез-құлықтың саған ұнамайтынын және оны қолдамайтыныңды айт.
5.Жәбір көрген адамға қолдау көрсет.
Зардап шегушіге оның жалғыз емес екенін және сен көмектесуге дайын екеніңді білдір.
6.Жақсы үлгі бол.
Өзгелерге құрметпен қара. Достық пен сабырлы қарым-қатынастың агрессия мен қорқыныштан әлдеқайда жақсы екенін көрсет.
Егер сені ренжітсе:
1.Сабыр сақта.
Кейде жауап қайтармауға тырысуға болады - бұл егер ренжітуші жай ғана сенің реакцияңды тексеріп тұрған болса көмектеседі. Бірақ егер ренжітуші тоқтамаса немесе күш қолданса, бұл жеткіліксіз.
2.Өз қауіпсіздігіңді ойла.
Үндемей қалма және жалғыз қалма. Дереу сынып жетекшіңе, мектеп психологына немесе өзің сенетін басқа ересек адамға хабарла. Адамдар, әсіресе ересектер көп жерде болуға тырыс. Мектепке барар жолда және қайтарда қауіпсіз бағытты таңда, достарыңның қасында бол. Егер ешкімге айтқың келмесе, «111» байланыс орталығына хабарлас немесе мектептегі QR-кодты пайдалан.
3.Есіңде сақта: сен кінәлі емессің!
Буллинг - бұл сенің кінәң емес. Көмек пен қолдау сұраудан қорықпа.
ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Педагог келесі жағдайларда әрекет етуге міндетті:
•жанжалдың, төбелестің, жәбірлеудің куәсі болса;
•баладан, ата-анадан немесе әріптесінен ақпарат алса;
•жүйелі қысым немесе агрессия белгілерін байқаса.
Жол берілмейді:
•жағдайды елеусіз қалдыруға;
•тіркеусіз «сабақтан кейін шешуге»;
•баланы жұрт алдында айыптауға;
•көпшілік алдында татуласуға мәжбүрлеуге;
•жауапкершілікті балаларға немесе ата-аналарға ысырып қоюға.
1.Егер жанжал немесе төбелес орын алса, мына қадамдарды орындау қажет:
1)жағдайды дереу тоқтату: балаларды ажырату, физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2)қажет болған жағдайда медицина қызметкерін шақыру;
3)сабырлылық пен бейтараптықты сақтау: қысқа әрі анық сөйлеу, дауыс көтермеу, оқиға орнында кінәлілерді іздемеу;
4)қатысушыларды бөліп алу: оларды әртүрлі бөлмелерге орналастырып, одан әрі байланысқа түсуін болдырмау.
2.Егер педагог ықтимал жанжал туралы ақпарат алса, ол бұл туралы басшылықты хабардар етуге міндетті.
Ақпарат білім беру ұйымының басшысына дереу беріледі. Ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 127-1-бабы).
3.Қызметтерді хабардар ету.
Егер басшылық әрекет етпесе және әрі қарай қадамдар жасамаса, Сіз ақпаратты полицияға (102), «111» байланыс орталығына немесе бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге беруге тиіссіз.
Білім беру ұйымы басшылығының іс-әрекеті (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы)
Егер баланың жәбір (буллинг) көргені туралы ақпарат басшыға немесе оның орынбасарына түссе, ол:
1)бастапқы ақпаратты жинайды (хабарлама түскен күннен бастап): бала және қажет болған жағдайда оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер, тұрғылықты жері, оқу орны бойынша мінездеме, сынып жетекшісінің, жағдайға
қатысушылардың, педагогтің және (немесе) заңды өкілдердің жазбаша түсініктемелері;
2)бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Мына адамдармен сөйлесуді ұйымдастырады: буллингтен зардап шеккен баламен, жәбірлеушімен (айыптымен), олардың заңды өкілдерімен, сынып жетекшісі мен педагог-психологтың қатысуымен;
3)жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін шаралар қолданады. Жәбірлеуді тоқтату және жағдайды реттеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды;
4)қажет болса, медициналық көмекті қамтамасыз етеді. Көрсеткіштер болған жағдайда зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;
5)балаларға қатысты барлық құқыққа қайшы әрекеттер туралы ішкі істер органдарына, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органға хабарлайды. Ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 127-1-бабы).
Білім беру ұйымдары басшыларының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының келесі талаптарын бұзу:
1)балаға қатысты жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және (немесе) балаға қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру және (немесе) оларға ден қою тәртібін сақтамау;
2)зорлық-зомбылыққа және (немесе) қатегездікпен қарауға және (немесе) жәбірлеуға (буллингке) ұшыраған және (немесе) зорлық-зомбылық куәгері болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3)білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тәртібін сақтамау;
4)білім беру ұйымдарына дәлелді себептерсіз бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
5)баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырмау; - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-нің 127-3-бабы).
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Құрметті ата-ана!
Мектеп өмірінде бала үшін мазасыздық тудыратын жанжалдар немесе жағдайлар болуы мүмкін.
Бұл әрдайым бірден байқала бермейді және балаларға оны айту оңай емес.
Мынаны есте сақтау маңызды:
•бала қорқыныштан немесе ұялғаннан қиындықтар туралы айтпауы мүмкін;
•тіпті сырттай сабырлы көрінетін балалар да көмекке мұқтаж болуы мүмкін;
•ересектердің уақтылы қолдауы ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
Тек өзара іс-қимыл жасағанда ғана мәселені уақтылы байқауға және балаға қиын жағдайды жеңуге көмектесуге болады
Егер Сіз баланың жай-күйіндегі өзгерістерді байқасаңыз:
1.Баланың көмекке мұқтаж екенін білдіретін ықтимал белгілерге назар аударыңыз:
Бала:
•мектептен, үйірмелерден, араласудан қашуы;
•тұйықталуы, мазасыздануы, ашуланшақ болуы;
•медициналық себепсіз басының немесе басқа жерлерінің ауыратынына шағымдануы;
•мінез-құлқын, ұйқысын, тәбетін күрт өзгертуі;
•телефонын жасыруы, хаттарды өшіруі, хабарламалардан қорқуы;
•заттарын, ақшасын жоғалтуы, ұқыпсыз көрінуі;
•өзінің «керексіздігі» туралы айтуы мүмкін.
Тіпті бір белгінің болуы - ден қоюға (реакция білдіруге) себеп!
2. Сөйлесу үшін қауіпсіз жағдай жасаңыз:
•тыныш уақыт пен орынды таңдаңыз;
•құпиялылықты қамтамасыз етіңіз (бөтен адамдарсыз);
•сабырлы, жұмсақ, қысымсыз сөйлесіңіз;
•баланың жағында екеніңізді көрсетіңіз.
Маңызды: әңгімені айыптаудан және ақыл айтудан бастамаңыз!
3. Баланы тыңдаңыз. Бұл ретте маңызды:
•мұқият, сөзін бөлмей тыңдау;
•жетекші немесе артық сұрақтар қоймау;
•тек жағдайдың мәнін түсіну үшін қажетті нәрселерді ғана нақтылау;
•баланың сөздерін күмәнсіз және бағалаусыз қабылдау.
Ешбір жағдайда мыналарды істемеу керек:
•«өзің кінәлісің», «асыра сілтеп тұрсың», «көңіл аударма» деп айту;
•өз балаңызды басқа балалармен салыстыру;
•уайымдарын құнсыздандыру.
4. Балаға эмоционалды қолдау көрсетіңіз. Мынадай тіркестерді қолдануға болады:
•«Айтқаның өте дұрыс болды»
•«Болып жатқан жағдайға сен кінәлі емессің»
•«Мен қасыңдамын және саған көмектесемін»
5. Қайта жарақаттаудан аулақ болыңыз.
Баладан жағдайды бірнеше рет қайталап айтып беруін сұрамаңыз. Егер бұл ауыр тисе, егжей-тегжейлерді айтуға мәжбүрлемеңіз. Шұғыл шешімдерді
немесе әрекеттерді талап етпеңіз.
6. Ақпаратты бекітіңіз.
Ата-аналарға: баланың сөздерін интерпретациясыз, сөзбе-сөз жазып алу; күнін, уақытын, орнын, қатысушыларды, нақты не болғанын белгілеу; скриншоттарды, хабарламаларды, фотосуреттерді (кибербуллинг кезінде) сақтау ұсынылады. Бұл ақпарат мектепке және мамандарға жүгінген кезде қажет болады.
7. Жағдай туралы хабарлаңыз.
Қажетті шаралар:
1)сынып жетекшісін, мектеп әкімшілігін хабардар ету;
2)педагог-психологқа немесе әлеуметтік педагогқа жүгіну;
3)қажет болған жағдайда - кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, «111» байланыс орталығына, бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органға, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну;
4)полицияға жүгіну.
Балаға мұның бәрі оны қорғау үшін жасалып жатқанын түсіндіру маңызды!
8. Психологиялық қолдауды қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын, білім беру ұйымына жүгінген кезде олар:
•жағдайға психологиялық бағалау жүргізуге;
•балаға психологиялық көмек көрсетуге;
•оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
•жеке әлеуметтік оңалту жоспарын әзірлеуге міндетті.
Ата-аналар үшін бұл процесске қатысу және мамандармен байланыста болуы маңызды.


Текст