29.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «МЕКТЕП ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ АСПЕКТІЛЕРІ» тақырыбында мектеп оқушыларының конференциясы өтті. Аталған шара дарынды әрі талантты оқушыларды біріктіріп, олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталды.
Конференция барысында біздің білім алушылар мектеп намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
🔹 «Физика» секциясында 11В сынып оқушылары Балтабаева Айым мен Кружков Владислав жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Нурумбекова Г.К.
🔹 «Орыс тілі және әдебиеті» секциясында Шубарцева Варвара Александровна жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Козлова Д.В.
🔹 «Математика» секциясында 8И сынып оқушысы Ахмеджанова Айзере жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Карасёва Л.Н.
🔹 «Орыс тілі және әдебиеті» секциясында Мирхакимова Луиза Мирзахитжановна жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Мукашева Е.В.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілерін құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!





