Текст
23.04.2026
№1 мектеп-гимназиясының мектеп парламентінің белсенділері туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде дәлелдеді. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында біздің оқушылар ұлы ғалым әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің маңында сенбілік өткізді. Оқушылар ескерткіш айналасын қоқыс пен жапырақтардан тазартып қана қоймай, көрнекті жерлесіміздің рухына тағзым етті. Мектеп парламенті үшін бұл жай ғана тазалық жұмысы емес, бұл — тарихқа деген құрмет және өз Отанына деген жауапкершіліктің белгісі. «Таза Қазақстан» — бұл тек көше тазалығы емес, бұл біздің мәдениетіміз бен ортақ болашағымыз.
Автор: Жеңіс О.А.

