Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанасова Тотыжан Ажкенқызы

     Күні кеше облыс орталығындағы №1мектеп-гимназияда бірге жұмыс істеп жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаз Тотыжан Жанасова туралы лебізімізді білдіру парыз. Тотыжан Ажкенқызы кейінгі толқын жастарға тәлімгер болған адам.

    Әуелі бірер сөзбен мағыналы өмір жолын айта кетелік. 1949жылы бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Чистополье ауданында ұстаздардың отбасында дүниеге келген. Әкесі Ажкен атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері. «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дегендей әріптесіміздің бойындағы кісілік келбет, адамгершілік ажар, бала жанын баураған мейірімділік отбасынан дарыған асыл қасиет. 1966жылы Көкшетау қаласындағы №2 орта мектепті аяқтаған соң мұғалім болуды қалаған. Осылайша абзал әкенің жолын қууды мұрат тұтқан. Арман жетектеп Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтына әкелген. Осы жоғарғы оқу орнының филология факультетін ойдағыдай аяқтағаннан кейін 1989жылы еңбек жолын бастаған. Білімнің қара шаңырағының санатындағы №1орта мектепте абыройлы еңбек ете жүріп мыңдаған шәкірттерге тәлім-тәрбие берді. Шәкірттері облыстық, республикалық пән олимпиадаларында топ жарып, ұлағатты ұстаздың еңбегін ақтады. Білімі терең, тәжірибесі мол болса да, үнемі ізденіс үстінде жүретін Тотыжан Ажкенқызы білім жетілдіру курстарына қатысып, саладағы соңғы жаңалықтарды өзі де үйреніп, өзге әріптестерін де үйретіп талпынудан танбайтын. Ілкімді істерді үйлестіре білетін педагог мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек етті. Орасан зор еңбегі ескерусіз қалған жоқ, 1995жылы «Қазақстанның білім саласының үздігі» төс белгісінің иегері атанды. 2011жылы қазақ-орыс, орыс-қазақ тілдерінің сөздігін дайындап жарыққа шығарды. 2018жылы зейнет демалысында болса да, А.Жақсылықовамен бірлесе отырып 4-сыныпқа арналған кітабын дайындады.

Ұлағатты ұстаз шапағат нұры шалқыған отбасының алтын қазығы. Жарық дүниеге үш перзент әкеліп аялап өсірді. Ұстаз бақыты мен ана бақыты бір арнада тоғысып, ел болашағы үшін бар ғұмырын арнаған жайсаң жанның мәртебесін биіктете түсуде.


Текст