Өмірбаяны
Галина Альбертовна Марченкова 1951 жылы 13 қаңтарда Новосибирск облысы, Здвинский ауданы, Сарабалық ауылында дүниеге келген.
Әкесі: Гааз Альберт Яковлевич (1917). Анасы: Бородина Евдокия Сергеевна (1917 ж.т.)
1970 жылы Павлодар педагогикалық техникумын бітірген. (бастауыш сынып мұғалімі), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын 1977 ж. (математика пәнінің мұғалімі), А.Мырзахметов атындағы университет 2008 ж. (Қаржы бакалавры).
Көкшетау қаласындағы №1 орта мектепте 34 жыл еңбек етті: 1969 жылдан – бастауыш сынып мұғалімі, 1976 жылдан – математика мұғалімі, 1980 жылдан – мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, 1985 жылдан – оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбаср, 1987 жылдан – мектеп директоры.
2003 жылы Ақмола облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, 2011 жылы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. 2013 жылдан бастап лайықты демалыста.
Ақмола облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты (1999, 2003, 2007).
Қоғамдық жұмыстарды жүргізеді, 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша АНТ мүшесі. 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Н.Назарбаевтың сенімді адамы, 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Қ.К.Тоқаевтың сенімді адамы болған. 2016 жылдан Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, 2017 жылдан қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі президиумының мүшесі. Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, «Алтын жас-Алтын ғасыр» клубының мүшесі.
Бірнеше мемлекеттік наградалардың, соның ішінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», “Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін»,«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл”, «Қазақстан масилихаттары депутаттарының бiрлестiгi» медальдарының иегері. Күйеуі: Марченко Юрий Павлович, қызы: Татьяна, Людмила, немерелері Анастасия, Марлен,Тимур.