Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Золотарёва Людмила Яковлевна

                                                           Қанша махаббат пен от керек...

Мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке, адам болуға үйрететін Ұстазды

кездестіру – үлкен бақыт.

Золотарева Людмила Яковлевна дәл осындай Ұстаз!

1971-2015 жылдар аралығында №1 мектепте мұғалім қызметін атқарды

Қаншама шәкірттің  өмір жолын бастауына жолдама берді!

 Қаншама оқушы қыздар мен ұлдар оған сүйіспеншілікпен қарайды! Олардың әрқайсысына Людмила Яковлевна өзінің бар ынта-жігерін, білімі мен күннің шуағындай жылы мейірімін төге білді

 Өмірге сенімімді оятқан

Жаттап өстім сөзіңді

Мейлі күндер, жылдар өтсін

Ұмытпаймыз өзіңді

   Мұғалім кәсібін енді ғана меңгерген жас мұғалімдерге Людмила Яковлевна мейірімді кеңесші, дана тәлімгер, көшбасшы, үлгі, ақылшы, туғанындай жанашыр бола білді. Шамамыз жетпей, бір нәрсе орындай алмай, басың ауған жаққа кетіп қалғың келген кезде, ол кісі әрдайым көмекке келе білді, үнсіз саған қарап тұрады да: «Білесің бе, мен де сендей болғанмын» дейді. Сенімсіздікпен қарайтынбыз, олай болуы мүмкін емес деп, содан соң, ол кісінің «Сабырлы бол, бәрі орнына келеді» деген жылы сөзімен сабаққа кететінбіз.

 

Людмила Яковлевна - бақытты ана мен мейірімді әже. Күйеуі Петр Фёдоровичпен бірге аяулы қызы Натальяны өсірді, өзінің жетістіктерімен қуантатын өнерлі, ерке немересі Вика өсіп келеді. Өмір жалғасуда!


Текст