Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қ. « № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылдың жария талқылау үшін есебі

18.02.2021

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қ. №1 мектеп – гимназиясы» КММ  –  7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
  3. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
  4. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагергьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  5. ««Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  6. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ьеру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарынң педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
  7. «Бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

 

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 515 құрады, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

  • қағаз түрінде – 268
  • «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы – 247
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 0

2018 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына ҚР білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 25.01. №28 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Құжаттар тізбесінде бұрын құжат болатын

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды № 086/е нысаны;
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;
  5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

Қазіргі уақытта 4 құжат және № 086/е нысандағы анықтама денсаулық жағдайы туралы анықтамаға ауыстырылды (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала         2008 жылға дейін туылған жағдайда);
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;

Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы заңды өкілдердің келісімімен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін қосымша ұсынылады.

         2019 жылдан  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметтері е.gov ақпараттық сайты арқылы көрсетіледі.

          Халықты ақпараттандыру мақсатында №1 МГ сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған.

          Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халықты қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында мектепте көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарт, регламенттер,  шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

         Ай сайын Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөліміне 7 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі  мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.

           «№1 мектеп-гимназиясында» мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесіндегі және халықа қызмет көрсету орталығы стендтерінде орналастырылған.

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст