«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізіді. Көкшетау қаласының «№1 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары белсенді қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-дәрежелі дипломдармен 8 «А» сынып оқушысы Гончаров Никита (мұғалімі: Конкашева Д.А) және 7 «А» сынып оқушысы Суворкова Вероника (мұғалімі: Байлина А.Б) ие болды. 2-дәрежелі дипломмен 9 «Б» сынып оқушысы Байлина Сания (мұғалімі: Халмаханов Б.А.) марапатталды. 3 дәрежелі дипломдар: 8 «Б» сынып оқушысы Серикова Жансаяға (мұғалімі: Халмаханов Б.А.) және 5 «Г» сынып оқушысы Қайрат Аруанаға (мұғалімі: Жангужина А.А.) берілді. Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!