Текст
2021 жылы 14 мамырда Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ақмола облысының орта мектептері арасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған облыстық конференция ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты: тәуелсіз Қазақстан тарихын, маңызды идеялар мен бастамаларды, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде көрініс тапқан стратегиялық құжаттарды зерттеу және бағалау. Осы конференцияға «№1 гимназия мектебі» КММ оқушысы Айназик Акматова қатысып, «Индустриалды-инновациялық экономиканы құру: жетістіктер мен перспективалар» тақырыбында баяндама оқыды және іс-шара нәтижесінде 1 орынға ие болды . Құттықтаймыз!