Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

STEM-Олимпиадасы

21.02.2026

2026 жылғы 10 ақпанда Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназия базасында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері арасында қалалық STEM-Олимпиадасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — пәнаралық ықпалдастықты, заманауи цифрлық құралдар мен инженерлік шешімдерді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру болды. Олимпиаданың міндеттері қатарында мұғалімдердің STEM-тәсілдерді қолдану құзыреттілігін дамыту, зерттеушілік және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жобалық ойлау қабілетін қалыптастыру және командалық жұмыс дағдыларын нығайту көзделді.

Олимпиадаға 19 команда қатысты. Қатысушылар жоғары кәсібилік деңгейін, креативтілігін және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеде тиімді қолдана алатындығын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын — №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының «ЭКОС» командасы

2 орын — №1 мектеп-гимназиясының «Byte» командасы

3 орын — №9 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы

STEM-Олимпиаданың өткізілуі Көкшетау қаласының педагогтері үшін тәжірибе алмасу, инновациялық идеяларды енгізу және кәсіби қауымдастықты дамыту бағытындағы маңызды алаңға айналды.

 

 

Просмотров: 232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст