12.03.2026
Бұл іс-шара неміс тілінде өз білімдері мен дағдыларын көрсеткісі келетін көптеген қала оқушыларының назарын аударды. Олимпиада екі тіл деңгейінде өтті: А2 және В1.
А2 деңгейінде біздің мектептің 9А сынып оқушысы Вебер Анастасия жеңімпаз атанды, ол тамаша нәтиже көрсетіп, Алматыдағы олимпиаданың келесі кезеңінде біздің мектептің атынан өкілдік ету құқығын жеңіп алды. Екінші орынды Рахман Айзада, үшінші орынды Шұбарцева Варвара иеленді, екеуі де 9А сыныбынан. В1 деңгейінде біздің мектептің 11В сынып оқушысы Регина Грошикова лайықты өнер көрсетті, ол екінші орынға ие болды, бұл біздің оқушылардың тіл үйренуге деген жоғары дайындығы мен ұмтылысын көрсетеді.
Іріктеу турының жеңімпазы 2026 жылдың 13-22 шілдесі аралығында Маннхайм қаласында "ZusammenWachsen" ұранымен өтетін неміс тілі бойынша Халықаралық Олимпиаданың финалына қатысуға мүмкіндік алады. Бұл Анастасия үшін өз білімін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар Гер мәдениетімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

