07.04.2026
Аталған іс-шара білім беру арқылы мәдениеттерді жақындастырып, оқушылар арасында достық көпірін орнатуға бағытталды.
🎯 Іс-шараның мақсаты — мектеп өмірі, білім беру үдерісі және ұлттық дәстүрлер туралы өзара ақпарат алмасу арқылы мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ оқушылардың коммуникативтік дағдыларын және жаһандық ойлауын қалыптастыру.
💡 Кездесу барысында:
* Оқушылар өз мектептерін таныстырып, білім беру жүйесімен бөлісті
* Презентациялар ұсынып, ағылшын тілінде еркін пікір алмасты
* Мәдениеттер мен дәстүрлер туралы қызықты ақпараттармен бөлісті
* Онлайн форматта өзара байланыс орнатып, цифрлық дағдыларын дамытты
🤝 Кездесу оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу, өзін таныстыру, сондай-ақ шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
🌏 Осындай халықаралық жобалар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, әртүрлі мәдениеттерге құрметпен қарауға және болашақта жаһандық қоғамда табысты болуына жол ашады.
👏 Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!





