Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы» тақырыбында сынып сағаттары өтті

09.04.2026

2026 жылдың 8 сәуірінде №1 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституция мазмұнын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды мақсат етті.
Сынып сағаттары барлық 11-сыныптарда жоғары деңгейде өтіп, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Мейрамова Г.Т. мен Жумажановна Д.М. тарапынан әдістемелік қолдау көрсетілді.
Сабақ барысында оқушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, адам құқықтары мен бостандықтары, заң мен тәртіп, азаматтық міндеттер туралы білімдерін толықтырды. Практикалық бөлімде оқушылар топтарға бөлініп, интеллект-карталар құрастырды, жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, пікірталастар ұйымдастырды.
Қолданылған заманауи әдістер оқушылардың сыни ойлау, талдау және топта жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақтар барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Нәтижесінде білім алушылар Конституция туралы түсініктерін кеңейтіп, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек ұғынды, қоғамдағы өз рөлін сезіне алды.
Өткізілген сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді.

 

Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст