Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 сәуір күні №1 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Іс-шараның қонағы — Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университет проректоры Рыспаева Динара Сарсенбаевна болды.

13.04.2026

Кездесудің негізгі мақсаты — мектеп түлектерін жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру. Кездесу барысында Динара Сарсенбайқызы университеттегі білім беру бағыттары, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, сондай-ақ талапкерлерге қойылатын заманауи талаптар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, оқушыларға құжат тапсыру мерзімдері, қажетті емтихандар, мемлекеттік грант негізінде және ақылы бөлімде оқу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірілді. Бұдан бөлек, студенттік өмір, ғылыми-зерттеу жұмыстары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы да айтылды.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, болашақ мамандықты таңдау, сұранысқа ие мамандықтар және мансаптық мүмкіндіктер жайында сұрақтар көтерілді. Динара Сарсенбайқызы оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, пайдалы кеңестер ұсынды.

Жауапты: Кәсіби бағдар беруші - А.Ахметжанова

Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст