Текст
15.04.2026
13 сәуір күні Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназиясында Көкшетау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының инспекторы, полиция лейтенанты Жұмаділлаева Тоғжан Әмірбекқызы 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға түсу тәртібі, талаптары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Оқушыларға полиция қызметінің артықшылықтары, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы және құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері түсіндірілді.
Жауапты: Кәсіби бағдар беруші - А.Ахметжанова



