16.04.2026
Іс-шараға қаладағы мектептер, лицейлер мен гимназиялардың 4-сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4 «А» сынып командасы жоғары дайындық деңгейін, ағылшын тілін меңгеруін және шығармашылық көзқарасын көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді. Команда құрамында: Клаус Арина, Карпова Валерия, Курмантас Айлана өнер көрсетті.
Аспаздық шоудың негізгі мақсаты — оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тағам дайындау үдерісі арқылы тілдік практикалық орта қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін жетілдіру болды.
Байқау барысында қатысушылар жаңа лексиканы меңгеріп, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуге үйренді, сыни ойлау, топта жұмыс істеу және өзін таныстыру дағдыларын дамытты.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, команданы сапалы дайындағаны үшін мұғалім Қабдыл Мағжанға алғысымызды білдіреміз!
