Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім алушыларды қорытынды бағалауға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері және дифференциалданған оқыту жағдайында білім сапасын арттыру»

22.04.2026

2026 жылдың 20 сәуірінде мектепте « Білім алушыларды қорытынды бағалауға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері және дифференциалданған оқыту жағдайында білім сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинар барысында педагогтер тәжірибе алмасып, білім алушыларды дайындаудың өзекті тәсілдерін талқылады және білім сапасын арттырудың практикалық әдістерін көрсетті.
Бабкова Лика Викторовна химия сабақтарында формативті бағалауды қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оның білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудағы тиімділігін көрсетті.
Өз баяндамасында Шарипова Нургуль Искаковна сараланған оқыту мен формативті бағалаудың білім нәтижелерінің төмендеуінің алдын алудағы мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Сабақтағы саралаудың практикалық аспектілерін Алькенова Аяжан Сейльбековна таныстырып, күнделікті педагогикалық қызметте қолдануға болатын әдістер мен тәсілдерге назар аударды.
Касенова Ботагоз Багзатовна сараланған оқыту жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған білім алушыларды қорытынды бағалауға дайындаудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Афанасьева Алина Юрьевна тұрақты білім нәтижелеріне қол жеткізуде сараланған тәсіл мен формативті бағалауды ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар білім сапасын арттыруда кәсіби диалог жүргізу, тәжірибе алмасу және жаңа шешімдер іздеу алаңына айналды.

 

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст