Текст
17.05.2026
«Жас дарын - Жаңа мүмкіндік» кездесуінде Ақмола облысының жас білімпаздары марапатталды.
1 мектеп-гимназияның 11 “В” сынып оқушысы Ермишкин Александрға халықаралық олимпиада жүлдегері ретінде 100.000 теңгелік СЕРТИФИКАТ табысталды!
Құттықтаймыз!!!
Жарайсың, тек алға!!!
Ашық диалог форматында өткен шараға халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар мен байқауларда олжа салған 80-нен астам талантты оқушы қатысты.
Осы оқу жылы ақмолалық оқушылар үшін жеңіске толы жыл болды.
Өңірдің жас таланттары халықаралық және республикалық білім додаларында 160 жүлдені қанжығаға байлады.