Текст
Көкшетау қаласы «№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ-де 7 қазан күні мектептің жас мамандарына арналған «Педагогикалық қызметтің бастапқы кезіндегі қиындықтар мен проблемалар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: педагогикалық қызметті жаңадан бастаған мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін жоғарылату, оқу қызметін жүргізудің әдістемесін жетілдіру. Мектептің психологы О.А. Рудковская жас мамандарға психологиялық тренинг өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Д.А.Конкашева мен А.А.Сатыбаева ҚМЖ дайындауда әдістемелік көмек көрсетті, білім беру интернет-платформаларымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар айтты, сонымен қатар сабақтың алғашқы кезеңінде білімді жаңартудың рөлін қарастырды.