Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ағылшын ақынының өлеңінің көркем аудармасы» атты үздік жоба байқауы

14.10.2021

            2021 жылы 12 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойыша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-де  Б.П. Агапитова атындағы «СОШ №65  УИПМЭЦ» МОУ-мен  бірге телекөпір өткізілді. Магнитогорск қаласы, Ресей.

            Байқаудың мақсаты – жұртшылық назарын ағылшын поэзиясының ұлттық мәдени мұрасына, тілі мен дәстүріне аудару болды. Қатысушылар өз бетінше оқу және зерттеу жұмыстарының дағдыларын, шығармашылық қабілеттері мен топпен жұмыс жасау қабілеттерін, Интернет пен ІТ технологияларды қолдана білуді көрсетті.

            Байқауды Ресейдің Магнитогорск қаласының неміс тілі мұғалімдерінің проблемалық-шығармашылық тобының жетекшісі Наталья Иванова мен Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының неміс тілі мұғалімі,  тәжірибесі мол және халықаралық жобалар мен байқаулардың жеңімпазы Грищенко Дина Викторовна өткізді.  Оның шәкірттері неміс тілінен екі рет осы байқаудың жүлдегері атанды.

            8 «А» сынып оқушылары Сарсенбаева Дара, Шкилев Семен, Оксаленко Игнат және 9 «А» сынып оқушысы Борзунова Таисия «Ағылшын ақынының өлеңінің көркем аудармасы» үздік жобасы байқауына қатысты (АКТ -ны қолдана отырып).

            Халықаралық жобаға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.

            Ағылшын тілі мұғалімі Елена Ивановна Глухарева: «Біз оқушыларымызбен ағылшын тілін үйренуге мотивацияны дамытуға көмектесетін байқауға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Зерттеу дағдыларының дамуы мен IT технологияларды меңгеру болашақта студенттерге университетте оқып жүргенде көмектеседі деп ойлаймын. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ынтымақтастығын және топта жұмыс жасай алатындықтарын көрсетті. Біз болашақта осындай қызықты жобаларға қатысамыз деп үміттенеміз. Рахмет!».

            Оксаленко Игнат пен Сарсенбаева Дара, 8 «А» сынып оқушылары: «Бізге бұл байқау-жобаға қатысқан ұнады». Игнат: Маған, әсіресе,  «Henry Wadsworth Longfellow «Autumn» өлеңінің көркем аудармасы» байқау жұмысын құрастырған  ұнады. Маған ағылшын тілі өте ұнайды, сол себепті келесі жолы да осы жобаға қатысамын деп үміттенемін.

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст