Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытындысы.

21.02.2022

2022 жылғы 9-11 ақпан аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында XVII республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – бастауыш және орта мектеп оқушыларының зерттеушілік мінез-құлық дағдыларын жетілдіру және зерттеушілік қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Байқауға Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ-нің 6 «Г» сынып оқушысы Жабал Ернұр қатысты. «Тарих» секциясында «С историей страны знакомит кино» деген тақырыпта жобамен таныстырды. Жоба жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі Байлина Айым Байбатырқызы мен Конкашева Дана Айтқалиевна. Байқау нәтижесінде Ернұр ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ернұрды құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз.

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст