Текст
23.02.2022 жылы мектебімізге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Владимировна Кучинская жұмыс сапарымен келді. Жиын барысында мұғалімдер қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі оқу бағдарламаларын түзету, мұғалімдерді аттестациялау, зейнеткерлік жасы, мектепті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету төңірегінде белсенді түрде сұрақтар қойды. Қала мектептерінің ҰҚТП мұғалімдері ҰҚТП кабинеттерін автоматтармен және басқа да көрнекі материалдармен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды. Юлия Владимировна жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар №1 мектеп-гимназияның облыс бойынша үздік мектептердің қатарында екенін атап өтті.