2022 жылдың 26 ақпанында педагогикалық қызметтің беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін тарату мақсатында жыл сайынғы «Үздік педагог– 2022» байқауы өткізілді. Байқауға мектеп мұғалімдерінің әр әдістемелік бірлестігінен бір өкіл қатысты.
Олардың барлығының еңбек өтілі, біліктілік санаты әртүрлі болғанымен, оларды таңдаған мамандығына деген адалдық, сүйікті ісіне деген құштарлық, шәкірттеріне сапалы білім мен тәрбие беруге деген ұмтылыс біріктіреді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша байқау мектептің мәжіліс залында өтті. Байқаудың қорытынды бөліміне дейін қатысушылар сырттай кезеңнен өткен болатын. Олар қазылар алқасына «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбында бейнероликтер мен бейне сабақтарды ұсынды. Қатысушылар байқаудың қорытынды бөлімінде өздерін таныстырып, жетістіктерін жариялап, педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, шығармашылықтың қыр-сырын ашуға тиіс болды. Әрбір мұғалім өзінің педагогикалық майданында кәсіби құзыреттілігін, заманауи технологиялардың кең ауқымын көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Байлина Айым Байбатырқызы «Үздік педагог-2022» атағының жеңімпазы және иегері деп танылды. 2-дәрежелі дипломмен информатика пәнінің мұғалімі Шульга Евгений Александрович марапатталды, үздік үштікке көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абсалямова Людмила Юрьевна ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!