2019 жылдың 9 ақпан күні Көкшетау қ. № 1 ОМГ «Үздік педагог 2019» байқауының мектеп кезеңі өткізілді. Бай қаудың мақсаты – талантты педагогтарды анықтау, мұғалімнің жеке дамуын жүзеге асыруға, оқытуда жаңа әдістерді қолдануға көмектесу болып табылады.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші сырттай кезеңде қатысушылар қазылар алқасына өз сабақтарының сараптамасымен қысқа мерзімді жоспарларын ұсынды. Сабақ жоспарын жаңа үлгіде жасау байқаудың басты шарттарының бірі болды. Екінші іштей бағалау кезеңі қазылар алқасына үш кезеңдегі байқау бойынша қатысты:
Байқау көңілді, достық атмосферасында өтті. Көрермендер мерекені тамашалап, ең жоғарғы қошеметтермен қарсы алып, қатысушыларға қолдау көрсетіп отырды.
«Үздік педагог 2019» мектеп байқауының қорытындысы бойынша хореография мұғалімі Пономарёва Ирина Владимировна жеңіп шықты. Байқаудың лауреаттары болып орыс тілі және әдебиет мұғалімі екінші орын Шамсутдинова Индира Исхаковна, бастауыш сынып мұғалімі үшінші орын Баймаганбетова Лейла Даукеновна атанды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, кәсіподақ комитетінің атынан ақшалай сыйақыға ие болды. Байқау қатысушылары қазақ тілі мұғалімі Кудулова Гульмира Айтмуханбетовна, бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Куралай Сабыровна, ағылшын тілі мұғалімі Жунусова Гульжанар Кабдулловна, тарих пәнінің мұғалімі Жангужина Айсулу Амантаевна, дене шынықтыру мұғалімі Дедик Галина Григорьевна, химия мұғалімі Бабкова Лика Викторовна, номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.