Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа мектепке – заманауи мұғалім» байқауына қатысу қорытындылары

25.02.2019

2019  жылдың 20 ақпан күні  IT-мектеп-лицейінде «Жаңа мектепке-заманауи мұғалім» қалалық жас педагогтар байқауына қатысушыларды салтанатты марапаттау қорытынды кезеңі өткізілді.

Бұл шара Көкшетау қаласы білім бөлімінің ұйымдастырылуымен, педагогтың инновациялық белсенділігінің дамуын, келешектегі кәсіби жағынан өсуін жүзеге асыру үшін жас педагогтардың шығармашылық құзыреттілігінің жасалуы мен әлеуеміттік деңгейін жоғарылату мақсатында Президенттің жастар жылы атты іс-шаралар жоспарының аясында өткізілген. 

Байқау үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезең  - «Жаңа мектепке-заманауи мұғалім» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Екінші кезең - «Шығармашылық жолының басталуы» өзіндік презентациясын жасау.

Үшінші кезең – «Ашық сабақ».

Біздің мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі  Казбекова Рыскелды Тасболатовна байқаудың барлық кезеңдерінен өтіп,  3 орын алып, Диплом мен 40 мың теңге Сертификатымен марапатталды.

Мектеп ұжымы мен оқушылары байқаудың жеңімпазын шын жүректен құттықтап, алдағы педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарды тілейді!  

Просмотров: 652


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст