Текст
25.03.2022 жылы «№1 Мектеп-гимназиясы» КММ-де «Лидер» мектеп педагогикалық қоғамдастығының координаторы О.А. Лихова «Сабақтағы тәжірибеге бағытталған тапсырмалар» тақырыбында коучинг өткізді (PISA жинағының тапсырмаларын пайдалану тәжірибесінен).
Коучингтің мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды сабақта пайдалану қажеттілігін көрсету, мұғалімнің оқу тәжірибесін жетілдіруге көмектесу. Тапсырмаларды шешу арқылы коучинг-сессияға қатысушылар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды өз сабақтарында пайдалану қажет деген қорытындыға келді.