Бүгін 25 мамыр күні біздің мектепте соңғы қоңырау мерекелік концерті өтті. Осы мектепте көптеген қызықтаға толы күндер, қобалжуға толы сәттер, жаңалықтарға толы мектеп қабырғасында оқыған 66 түлек емтихандардан кейін мектеппен қоштасады.
Салтанатты концертте құрметті қонақтар қатысты: Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбаевич, облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері, білім бөлімінің басшысы Жусупов Б.А., қалалық маслихат депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері.
Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде біздің түлектерге бұл өмірде өз орындарын тауып, мақтанышпен өз мектебінің атын ала жүруге тілек білдірді. Мектеп ардагерлері атынан, осы мектепте 16 жыл директоры болған Марченкова Галина Альбертовна құттықтау сөзін айтты.
Мектеп өз түлектерімен мақтанады, соның ішінде «Алтын белгі» төсбелгісіне 4 үміткерлер Каскарбаева Мадина, Рахимова Камила, Искаков Данияр, Проказин Владислав және үздік аттестат иегері Глухарева Анастасия. Каппас Ажар – кратэден Азия ойындарының жеңімпазы.
Мектеп түлектері мұғалімдеріне махаббат пен қамқорлығы үшін, олардың жемісті еңбегі үшін алғыстарын білдірді.