2022 жылдың 1 маусымында "Сұңқар" сауықтыру кешенінде облыс әкімі Е.Маржықпаевтың өңірдің дарынды балаларымен кездесуі өтті. Аталған іс-шараға № 1 мектеп-гимназияның 4 оқушысы қатысты: өзін-өзі тану пәнінен республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Понятов Дэнни, неміс тілі пәнінен республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Балмуханова Алина, Республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері Жабал Ернұр және республикалық музыкалық байқаудың лауреаты Петько Александр. Кездесу барысында балалар өз жетістіктерімен бөлісіп, облыс әкіміне сұрақтар қойды. Біздің мектебіміздің үздік оқушылары дипломдармен және 50000-нан 100000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Көкшетау қаласының "№1 мектеп-гимназиясы" КММ Республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша "100 үздік олимпиада мектебі" құрамына кірді және модификацияланған кабинетті сатып алуға 5000000 теңге сомасына сертификатпен марапатталды.