2019 жылдың 5-7 қыркүйек күні 11 гимназиялық сыныбының оқушылары Сычёва Варвара мен Иванова Виолетта видео байқаудың кезеңдік қорытындысы бойынша Алматы қаласына Alumni-Treffen-2019 іс-шарасына шақырылды. Бұл тіс-шара Қазақстандағы шетелдік мектептер ісі бойынша Орталық ведомстволықпен (координаторы Марио Шёнфельд), академиялық байланыстың немістің DAAD жұмыстарымен (ДААД ақпараттық орталықтың директоры, Алматы қ. ҚҰУ лекторы Бартоломеус Минковски) және де Гёте-Институтымен (тілдер бөлімінің басшысы Констанция Крюгер), Қырғызстандағы ZfA координаторы/ консультанты Ребекка Вагнер секілді қонақтардың шықырылуымен ұйымдастырылған іс-шара.
Бұл іс-шараға Германиядағы білім алған және осы уақытта оқып жүрген 11 сыныпты бітіріп шыққан оқушыларының қатысуымен, Қазақстан мен Қырғызстандағы PASCH- және DSD-мектептерінің оқушылары келді. Бұл балалар немістің колледждеріне (College) түсіп, ары қарай университетке барып, оның екеуі DAAD стипендиянты атанып, Алматы қаласындағы Қазақ-Неміс университетіне оқуға түсті. Қалғандары өздерінің жауаптарын күтіп, оқуға түсуде. Олар 11 сынып оқушыларына өздерінің қалай оқуға түскендері жайлы айтып, Германиядағы жақсы жақтарын, оқудан кейінгі өзіндік даму туралы түсіндіріп берді.
Екінші күні Alumni-Kasachstan/Kirgistan сайтын құруға арналған күн болып, Alumn әнұранын жазды. Қатысушылар 4 топқа бөлініп, әр топ өздерінің варианттарын ұсынып, бірігіп әнұранның шумақтарын жасап шығарды. Содан кейін музыкалық студияда әннің жазылуы құрылады. Орындаушы болып екі бала таңдалып, оның бірі біздің оқушымыз - Иванова Виолетта болды. Бұл күн Көк-Төбедегі қанаттық жолда жүру сапарымен аяқталды.
Үшінші күні өте қарқынды және қызықты өтті. Балаларға Ұлттық табиғи саябаққа сапарымен басталып, таулы аймақтағы Есік көліне демалып, фермадағы балық ауламен жалғасты.
Осы кездесудің қорытындысына келсек, балалар пайдалы ақпаратты алып, өздеріне белгілі бір шешім қабылдап, жақсы демалып, жаңа таныстарымен оралып қайтты.