Текст
15.11.19 жұлдызды күні білім ордамызда салтанатты министрлер қатарына қабылдауы өтті. Іс-шараға арнайы Көкшетау қаласының мектерінен аға-тәлімгерлері мен мектеп президенттері қонақ болып келді. Мерекеде ізгі тілектер мен жылы сөздер білдіргендердің ішінде жастар ресурстық орталығының бас маманы Жолдаспай Тұрлыбек Болтайұлы, салауатты өмір салты жастар орталығының маманы - Иманбаева Динара Кенжебекқызы. Кештің соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мекептегі жастардың ерекше орынға ие екендігін көрсетіп, болашақта қолдау көрсететінің анық айтты.