Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы.

22.11.2019

№1 орта мектеп-гимназиясында  11.11.2019 -19.11.2019  аралығында орыс сыныптарында «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы өтіп жатыр. Апталық мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырылуда. 11 қарашада апталықтың ашылу салтанаты өтті. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, концерттік бағдарламаны тамашаладық.

13 қарашада «Ақмола - жырымның арқауы» атты 5-7 сыныптар мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 11 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесінде І орынға 5 «Е» сынып оқушысы Былжирова Адия, мұғалімі Алькенова Г.Т., ІІ орынға 5 «В» сынып оқушысы Султыгова Эсет, мұғалімі Садуакасова И.Ж., ІІІ орынға 7 «Г» сынып оқушысы Эркинқызы Эркинай, мұғалімі Шаймерденова Р.Б. ие болды. Сайысты өткізген Алькенова Г.Т.

14 қарашада «Үш бәйтерек-үш алып» атты презентациялар қорғау байқауы өтті. Байқауға 7 оқушы қатысты. Байқау нәтижесі бойынша І орынға 8 «Д» сынып оқушысы Найкин Руслан,  мұғалімі Алькенова Г.Т., І І орын 5 «В» сынып оқушысы Шкловчик Дарья, мұғалімі  Садуакасова И.Ж., ІІІ орынға  10 «Б» сынып оқушысы Акишев Руслан ие болды, мұғалімі Сеилова Г.И. Байқауды өткізген Касенова Б.Б.

15 қарашада  5-7 сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс өтті. Сайысқа 11 оқушы  қатысты. Сайыс  3-бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде оқушылар мақал айтып жарысса, екінші бөлімде мақалдың жалғасын тапты, үшінші бөлімде мақалдың жоғалған сөзін үш тілде (қазақша,орысша, ағылшынша) айтты. Сайыс нәтижесі бойынша І орынға 5 «Д» сынып оқушысы Низов Даниил, ІІ орынға 5 «В» сынып оқушысы  Петрова София, ІІІ орынға 6 «В» сынып оқушысы Шкребко Диана мен  5 «В» сынып оқушысы Евлоев Илез өзара бөлісті. Оқушылар мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды. Сайысты өткізген Шаймерденова Р.Б.

Просмотров: 712


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст