Текст
2019 жылдың 18 қараша күні «№ 1 ОМГ» «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет апталығының өткізілуі кезінде 3-4 орыс сыныптарының арасында қазақ тілі пәнінен Касимова Зейнегүл мен Козбакова Айгерім ұстаздары ұйымдастырған «Мақал-сөздің мәйегі» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті. Сайысқа өзге ұлттар арасында 11 оқушы қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды: «Кім көп мақал біледі?», «Тапқыр болсаң, тауып көр!», «Кім жылдам, пазл құру». Оқушылар Отан, туған жер, оқу-білім туралы, тіл туралы мақал –мәтелдерді жатқа айтып, белсенді қатысты. Сайыс соңында оқушылар жүлделі орындар мен сыйлықтарға ие болды. Сайыстың қатысушылары да мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!