Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық XV байқауына қатысу қорытындылары

30.01.2020

Орта және кіші жас ерекшеліктеріндегі оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерінің ынталандырылуы мен зерттеушілік қызметтерінің дағдыларын дамыту мақсатында  «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) орталығында 2020 жылдың  27 – 29 қаңтар аралығында Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың Республикалық XV  байқауының қорытынды кезеңін өткізді.   

2020 жылы 28 қаңтарда байқаудың республикалық кезеңінің қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

Біздің мектеп-гимназиясының атынан 4 «А» сынып оқушысы Оразалин Жан байқауға қатысты. Жоба жетекшісі, бастауыш сыныптарының мұғалімі Андреева Наталья Леонидовна.

Өзінің жұмысында Жан Ұлы Отан соғысының ардагері, арғы атасы Оразалин Ахмедьярдың өмірлік жолын және өмірбаяны туралы толық ақпаратты зерттеді. Жан жоба жетекшісімен, ата-анасымен бірге үлкен ізденіс жұмысын жасап: отбасылық мұрағатты қарап, туған туысқандарымен кездесіп, ҰОС тарихи материалдарымен ізденіс жасап, ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұраныс хат беріп, сонымен қатар «Халық қаһарманы» электронды құжаттар қорындағы ақпаратты іздеді. 

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Оразалин Жан 1 орынға ие болып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Мектеп-гимназиясының ұжымының мұғалімдері мен оқушылары  атынан «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың Республикалық XV  байқауының жеңімпазын шын жүректен құттықтайды! 

        

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст