2020 жылдың 15 ақпан күні Көкшетау қаласы «№ 1 ОМГ» мәжіліс залында «Үздік педагог 2020» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – талантты педагогтарды анықтау, оқытуда заманауи әдістері қолдануда көмек көрсету болып табылады.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші сырттай кезеңде қатысушар қазылар алқасына жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптары бойынша видеосабақтарын ұсынды. Қазылар алқасы видеосабақтарды 10 критреийлер көрсеткіштермен бағалады.
Екінші іштей кезеңде қатысушылар үш байқауға қатысты:
Байқау достық қарым-қатынаста, жақсы көңіл-күйде өтті. Көрермендер осы меркенің куәсі болып, қатысушыларға демеу болған, көтеріңкі көңіл күйде, қол шапалақтап қарсы алды.
Мектеп хореографы Пономарёва И.В. және музыка мұғалімі Трифонова И.А. байқауға би үйірмесін және музыкалық нөмірлердің керемет қатысуын қамтамасыз етті.
«Үздік педагог 2020» мектеп байқауының қорытынды кезеңі бойынша жеңімпазы болып тарих пәнінің мұғалімі Конкашева Дана Айткалиевна бірінші орын алды. Байқаудың лауреаттары қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Козбакова Айгерим Орынбаевна, 2 орын және Нуржанова Сандугаш Сериковна бастауыш сынып мұғалімі, 3 орынға ие болды. Барлық қатысушылар дипломдармен және кәсіподақ кеңесінің төрайымы Б.Б.Касенованың қолдауымен ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Байқаудың қатысушылары Тобылова Айнара Кабылдаевна, бастауыш сынып мұғалімі, Кошенова Сауле Амангельдиновна, орыс т ілі және әдебиет мұғалімі, Абраева Даяна Болатовна, ағылшын тілі мұғалімі, Мейрамова Құндыз Беккужиновна, математика мұғалімі, Букубаева Дидар Темирхановна, биология мұғалімі және де осы аталған ұстаздар түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен және сыйақылармен марапатталды.