2017 жылдың 26 қазан күні мектептің 8, 9 және 11 сынып оқушылары Халықаралық EF Spelling Bee байқауына қатысты. Барлық 18 оқушы қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды.
9 «А» сыныбының екі оқушысы ең жоғары балла алды.
Олар: Сарсенова Айдана - 49 балл, В1 деңгей; Иванова Виолетта – 46 балл, В1 деңгей. Екі қатысушы 2018 жылдың 9 ақпанда Астана қаласында өтетін соңғы кезеңге жолдама алды.
Соңғы кезеңнің тақырыбы «World Cultures». Соңғы кезеңде қатысушыларға спеллинг қабілеттерін (сөздің әріппен оқылуы) байқауында қатысуы қажет. Әр қатысушыға берілген уақытта ағылшын тілінде түрлі қиындықтағы бірнеше сөздер ұсынылады. Жеңімпаз болып, аз уақыттың ішінде үздік көрсеткіш көрсеткен оқушы болады.
Басты жүлде – Ұлыбританияның Бристоль қаласына EF тілдер мектебіне жолдама алады.
Қатысушыларымызға финалды кезеңде жеңімпаз атануда сәттілік тілейміз!