Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.11.2017

Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде пайдалану.

Осы семинардың бағдарламасы бойынша үш  ашық сабақ өткізілді.

5 «Ә» сыныбында Касенова Г.М.  ашық сабақ өткізді.  Ашық сабақтың тақырыбы  Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейткұл»  еңбек адамы. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындады. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Мұғалім сабақта түрлі әдістер қолданды. «Жетістік баспалдағы» арқылы жұмыстағы бағасына баға берді. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы әңгімені талдап, қорытынды жасады. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы шығарма жоспары құрастырылып, кейіпкер іс-әрекеті арқылы образын ашып талдау жасалды.

 5 «Б» сыныбында Кощегулова Г. Н. өткізген ашық сабақтың тақырыбы «Өсімдіктер әлемі». Сабақта оқушылыр белсенді қатысты. Топпен түрлі жұмыстар жүргізілді. «Бір құты» әдісі арқылы  Постер қорғау, «Ішкі сыртқы шеңбер»  әдісі арқылы жұппен жұмыс жасалды. «Ашық микрофон» әдісі арқылы жарнама, хабарландыру жаздырды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ өте қызықты өтті.

7 «Б» сыныбында Аймаханова А.Е. өткізген ашық сабақтың тақырыбы «Достық-өмірлік нұсқа». Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырды, салыстырды, талқылады. «Достық» сөзіне байланысты ой бөлісті. Мәтіндегі оқиғаны болжай алды. Сабақта «Болжау» әдісі, «Қойын дәптер» әдісі, «Шығу билеті» әдістері арқылы жұппен, жеке жұмыс жүргізілді. «Бес саусақ» әдісі арқылы  кері байланыс жасалды. 

Просмотров: 611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст