Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.10.2017

Ағымдағы жылғы қыркүйек айының 6-15 аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесін мерекелеуге арналған әрі мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру мақсатында

Көкшетау қалалық «№1 Орта мектеп гимназиясының» директоры бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен:

-қыркүйек айының 6 күні «Тіл-татулық тірегі» атты мектепішілік онкүндіктің ашылу рәсімі болды(Жауапты-Асылбекова З.Н.). Оған мектептің барлық мұғалімдері, сыныптары қатысып, үштілдік туралы мәлімет оқылды, оқушылар мақал-мәтелдер айтып ат салысты.

-қыркүйектің 7 күні «Тіл –ұлттың сүйенетін тамыры» атты кітаптар көрмесі өткізілді (Жауапты-Шиманская

Т.В.). Көрмеге Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының тілдері туралы көптеген кітаптар, журналдар қойылып, үш тілде баяндама оқылды.

-қыркүйектің 8 күні «Язык -душа народа» викторинасы мектептің 8 «В» сыныбымен өткізілді (Жауапты-Литман

Т.В.).

Сондай-ақ, 8-ші қыркүйек күні мектептің  7 «В» сынып оқушыларымен интерактивті сабақ «What do you know about Kazakhstan?» өткізілді (Жауапты-Жунусова Г.К.).

-қыркүйек айының 11 күні «Мен қазақша сөйлеймін» викторинасы өткізілді (Жауапты-Ораз З.К., Қозбакова А.О.).

-қыркүйектің 11 күні «Язык- знак согласия» атты сынып сағаты 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді (Жауапты-9-11 сыныптардың сынып жетекшілері).

-қыркүйектің 12 күні «Ұлттарды біріктірген –ұлы тіл» атты сурет  көрмесі өткізілді. Көрмеге көптеген ұлы суретшілердің еңбектері қойылып, оқушыларға олар жайлы мағлұматтар берілді (Жауапты-Егорова Т.В., Сидоренко

Л.Ю.).

-қыркүйектің 13 күні «Знай и люби родной язык» лингвистикалық ойыны өткізілді (Жауапты-Шамсутдинова

И.И.).

Сонымен қатар, 13 қыркүйек күні өзге ұлт өкілдері арасында «Менің тілім-мемлекеттік тіл» атты байқау өткізілді (Жауапты-Сеилова Г.И., Касенова Б.Б.). Аталған байқауға өзге ұлт оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтата білді.

-қыркүйек айының 14 күні «Тіл-татулық тірегі» атты мақалалар байқауы өткізілді (Жауапты-Нұрқанова

С.К., Есемситова Г.З.).

-қыркүйектің 15 күні «What I do» интерактивтік сабақ өткізілді (Жауапты-Искакова М.А.).

Сондай-ақ, 15 қыркүйек күні «Тіл- татулық тірегі» атты онкүндіктің жабылу салтанаты болды (Жауапты-Шаймерденова Р.Б.). Онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар барысына оң баға беріліп, ат салысқан оқушылар

марапатталды.

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст