2017 жылдың 1 – 14 маусым аралығында «Балалар ғаламшары» атты мектепалды жазғы балалар алаңы
ұйымдастырылды.
Балалардың демалуы мен сауықтыруын ұйымдастыру - мектептің ең басты бағыттарының бірі.
Мектепалды лагерін ұйымдастыру мақсаты:
- тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, бала организмін сауықтыру арқылы
әртүрлі аурулардың алдың алу;
- кәмелетке толмағандардың құқық бұзуын және бақылаусыздығының алдың алу мақсатында балаларды жазғы демалыстарын ұйымдастыру;
- мәдени – жалпылық шаралар, үйірме жұмыстары арқылы балалардың бос уақытын ұйымдастыру, көзқарастарын кеңейту, шығармашылық талаптарын дамыту.
«Балалар ғаламшары» мектепалды алаңы 1 ауысымы 2017 жылдың 1-14 маусым аралығында ұйымдастырылды. Алаң, бұл мерзімде 5-12 жас аралығындағы 150 баланы қабылдады. Барлық балалар ыстық тамақпен қамтылды. 47 бала отбасы төмен жағдайынан. Біздің балалар пайдалы дәрумендері бар аспен тамақтанды. Төтенше жағдайлар мен травматизмнің алдын алуы бойынша және электро- өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алуы бойынша нұсқаулықтар бар. Балалармен серуендеуге шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары, күн сәулесінің соғуы мен даладағы белгісіз
адамдармен сөйлесуге, судағы тәртіп ережелері туралы іс-шаралар өткізілді. Әр отрядта қауіпсіздік техникасы бойынша журналдар бар.
Осы жылы үш тілділік бағыттағы тілдерді үйрену бойынша көп көңіл бөлінеді. Біздің алаңда қазақ тілі (үйірме басшысы Г.С.Жаналина), орыс тілі (үйірме басшысы Л.Н.Руденко), ағылшын тілі (үйірме басшысы М.А.Искакова), балалардың шығармашылығын дамытуда «Шебер қолдар» (үйірме басшысы Г.Е.Алина) атты үйірмелер ұйымдастырылды.
2017 жылдың 1 маусым күні жоспарға сәйкес мектепалды алаңының ашылу салтанаты өткізілді.
Бұл күні облыстық кітапханалық жүйеден қызметкерлер келіп
балаларға қуыршақ театры, ойындар мен викториналар, флэшмоб көрсетіліп, соңында
балаларға тегін балмұздақ таратылды.
Аптасына үш рет
келісім шарт бойынша «Бодрость» бассейніне бару ұйымдастырылды. Балалар үлкен
қызығушылықпен тарихи-өлкетану мұражайына барып, Абылай хан кезеңінен бастап
біздің дәуірімзге дейінгі кезеңдер туралы
«Фараб-Отырар» атты көрмесі ұсынылды.
5 маусым күні мәжіліс залында Қазақстан
Республикасының Рәміздер күніне арналған «ҚР Рәміздер күні» атты іс-шаралар өткізілді.
6 маусым күні балалар қалалық жекежайға барып, суда жүзу
бойынша ТЖМ мекемесінде болды. ТЖМ
қызметкерлері балаларға сүңгуірдің
костюмдерін көрсетіп, олардың суға сүңгу
рәсімін, алғашқы медициналық көмек көрсету жайлы баяндап берді. Түстен кейін балалар «Синема» кинотеатрына
барып «Трио в перьях» атты мультфильмін тамашалады.
7 маусым күні
мектебімізге «Достар» МҮ актерлері келіп
«Птичий переполох» атты спектакльін көрсетті.
Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» көрсетілімі бойынша облыстық
филармонияға жеке автобуспен бару ұйымдастырылды. Бірінші отряд «Көкшетау» МҮ
барып «Түлкі мен қоян» атты ертегісін тамашалап, түстен кейін Ш.Құсайынов
атындағы қазақ драма театры мектепке келіп «Қасқыр, түлкі және қораз» ертегісін
ұсынды. 9 маусым күні орыс драма театрының шақыруымен 4,5 отряд балалары
«Космический побег» спектакльін көрді. Осы күні біздің қаламызға Алматы
қаласынан «БИС» атты цирк қызметкерлері келіп мектептің мәжіліс залында
балаларға қызықты сайқымазақ, отпен көрініс, тірі питон жыланын ұсынды.
Балаларға өте ұнады.
ДТДБЖК «Жас қайрат» ұйымдастырған «Олимпионик -2017» атты «ЭКСПО-2017»
Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған спорттық іс-шараларын өткізді.
Балалар спорт алаңында жарыстарға
қатысып, мекеме басшысынан мақтау қағаздарын алды.
12 маусым күні балалар қалалық өртке қарсы мекмесіне барып, өртке қарсы
мұражайды көрді. Өрт сөндіру қызметкерлері өрт сөндіру машиналарын, крандар мен
арнайы киімдерін көрсетті. Және де
өрттің алдын алу бойынша қауіпсіздік техникасымен таныстырды. «Браво»
шығармашылық ұйымы мектептің мәжіліс залында балалармен шарлар бойынша
мастер-класс өткізді. Әр бала өзіне шарлардан түрлі ойыншық жасауды үйренді. 5
отряд балалары облыстық балалар
кітапханасына барды. 13 маусым күні барлық балалар «ЭКСПО-балалар көзімен» атты
облыстық кітапханада іс-шараға қатысты.
Кейбір отрядтар Бұқпа тау жиегіне барып қаланың әдемі жерлерін
тамашалады.
Біздің тәрбиешілермен бос уақыттарда сыныптан тыс іс-шаралар
ұйымдастырылды. Тақырыптары: «Саяхат «Ғажайып сөздер», «Нам лето дарит звонкий праздник»,
«Көңілді жарыстар», «Живая краска», «День индейца», «Нептун күні», «Утереть
нос», «Ауысым көшбасшысы», «Конкурсы на лучшего повара».
Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Степной маяк» газетінің журналисті
Аружан Қажмуратовамен кездесу өтіп, біздің алаң туралы «Каникулы-чудесная пора»
атты мақаласын 13.06.2017ж. № 46 санымен жариялады.
Мектепалды алаңының күндерінде балалардың денсаулығын
сақтау мен сауықтыруға көп көңіл бөлінді.
Алдымен медициналық тексерістен
өткізіліп, балалардың әрдайымғы жеке гигиеналық тазалықты сақтауды бақылауға
алынды. Таза ауадағы серуендер мен ойындар, дұрыс тамақтану балалардың демалысы
мен сауықтыруына, бос уақыттарын қызықты өткізуіне көмектесті.