2017 жылдың 15 сәуірінде «№ 1 орта мектеп-гимназиясынан» КММ 3 сыныптар арасынан 15 оқушы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы университет қабырғасында өткен кезекті «Балалар университеті» іс шарасына қатысты.
Біздің балаларды студенттер мен «Винни – Пух» мультфильмінің кейіпкерлері қарсы алды. Олар «Атомдар мен
молекулалар», «Жануарды тап» ойындарын өткізіп, химия дегеніміз не және оны күнделікті өмірде қайдан кездестіру туралы айтып берді.
Сосын балалар зертханаға барып, ақ халат киіп, нағыз ғалымдарға айналды. Студенттермен бірге тәжірибе жүргізді: түрлі сұйықтықтарды араластырып пайда болған әр түрлі түстерді, газ түзілуін қызықтады. Балаларға шыны сауыт пен
стакандарды өз қолдарымен ұстау, құю және химиялық реакцияларды бақылау ұнады.
Шара соңында қатысушылардың барлығына грамоталар мен жарқын түрлі-түсті пазлдар берілді. Оқушылар өте риза болды.