2017 жыдың 10-15 сәуірі аралығында Көкшетау қаласы «№ 1 орта мектеп-гимназиясында» КММ бастауыш сыныптар апталығы өтті.
Апталыққа барлық оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Апталық өте қызықты өтті.
Апта бойы балалар «ЭКСПО-2017», «Болашақ қуаты», «Ел күні», «Сыпайылық күні», «Ғарышкерлер күні», «Әлем күні», «Денсаулық күні», «Отбасы күні» атты сурет, қолдан әртүрлі заттар жасау, коллаж байқауларына қатысты.
Сонымен қатар, «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қала мектептерінің жас мұғалімдеріне арнап бастауыш сынып мұғалімдері Сусская Е.Н. мен Грот А.В «Семья вместе – душа на месте» атты сыныптан тыс іс шара өткізді. Іс шараға ата-аналардан үш жұп қатысты. Бұл жанұялар арасында өткен бауқау өте қызық болды.. Соңында оларға естелікке сыйлықтар сыйланды.
Апталыққа белсенді қатысқан сыныптар, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.