Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.04.2017

Павлодар қаласында 13-18 наурыз аралығында  жаратылыстану –математика бағыты бойынша пәндік олимпиада өтті.  Республикалық олимпиада өзінің мазмұны жағынан  президенттің  «Интеллектуалды ұлт - 2020»  ұлттық жобасына сәйкес келеді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеті оқушының теориялық білімін тереңдетіп, алған білімін тәжірибемен  ұштастыра отырып, тұлғаның өзін-өзі танытуына жағдай тудырып, дарынды балаларды танып білуге жағдай жасай отырып, оларды  халықаралық олимпиадаларға іріктеп  дайындау, Қазақстан Республикасында білім мәртебесін жоғары көтеру. Біздің мектептен Ақмола облысы командасының құрамына  география пәнінен облыстық олимпиада 

жеңімпазы 11 «В» сынып оқушысы Темірханов Темірлан кірді.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Темірханов Темірлан ІІІ дәрежелі дипломмен және күміс алқамен марапатталды. Оқушыны олимпиадаға дайындаған  география пәнінің мұғалімі  Бейсенбаева М.Б.

2017 жылдың  15-17 наурызы аралығында  «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтандыру  орталығында 1-7

сыныптар аралығында «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының республикалық қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мен бастауыш және орта буын оқушыларының интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Әділ-қазылар шешімі бойынша біздің мектептің  6 «Б» сынып оқушысы Мәжікен Әсәдуллах  «Дарын» РҒПО-ның

ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Жоба жетекшілері математика пәнінің мұғалімі Темиргалиева Д.К., бастауыш сынып мұғалімі Искакова Г.Б.

Республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды мектептің мұғалімдері мен оқушылары құттықтайды!

Просмотров: 671


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст