Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.03.2017

3 ақпанда 3 сынып оқушылары Көкшетау мемлекеттік Ш. Ш. Уәлиханов атындағы университетінің балаларды ғылымға қызығушылықтарын арттыру мақсатында құрған «Балалар университеті» жобасына барып келді.

            Бұл жоба балалардың танымдыққызығушылықтарын арттыруда әдеттегі мектеп әдістемесінен бөлек ерекше

көрнекілік, белсенділік, экспериментке көп көңіл бөлуге негізделген әдістерді қолданады.

25 ақпанда оқушылар «Биология» пәнімен танысты. 11 наурызда «Физика», «Математика», 15 наурызда «Химия», 29 наурызда «Информатика» пәндерімен танысады.

Оқу тегін. Курс аяқталғаннан кейін 15 оқушының барлығы сертификат алады. Университеттің кіре берісінде бізді биолог-студенттер күтіп алды. Ары қарай жетінші қабатқа көтеріле бергенімізде «Түймеқыз» ертегісінің кейіпкерлері шашау шашып қарсы алды. Сосын оқушылар жануарлар мен құстар мұражайын аралап, онда «Қызыл кітапқа» енгізілген аң-құстарды да көрді. Лабораторияға барып балықтың ішкі құрылысымен танысты. Биология кабинетінде оқушылар қысқаметражды слайдтар арқылы кәдімгі нанның қалай көгеретіні туралы мәлімет алды. Ойындар мен

тренингтер өткізілді. Балалар өте белсенді қатысып, ата-аналары ризашылықтарын білдірді. Университет атынан мектебіміздің бақшасына көкөніс тұқымдары сыйлыққа берілді.

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст