Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.02.2017

 3 ақпанда 2017 ж. Көкшетау қаласының №1 ОМГ мәжіліс залында «Жыл мұғалімі -2017» байқауының мектептік кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – талантты педагогтарды анықтау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру, оқытудың жаңа үрдісіне қолдау көрсету. 

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші  кезеңде қатысушылар әділ-қазылар алқасына қысқа мерзімді сабақ жоспарын сараптамасымен  ұсынды. Жаңа форматтағы сабақ жоспарын құру байқаудың міндетті түрде орындалуы тиіс шарты болды. Екінші кезеңде «Мен – тұлғамын, мен- мұғаліммін», «Педагогикалық жағдаяттар», «Менің әуес ісім» атты

байқауларда қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

Байқау өте қызықты, көңілді өтті. Байқауға қатысушылар ән салып, би билеп, безендіруге көмектескен өздерінің қолдаушы топтарына үлкен алғыстарын білдірді. Көрермендер тек қатысушылардың өнерлеріне ғана қол соғып қошемет көрсеткен жоқ, сонымен қатар қолдаушы топттардың да өнерлерін жоғары бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша география пәнінің мұғалімі Абдукулов Арманбек Бекбаевич «Жыл мұғалімі -2017» атағына ие болды.  Жүлделі ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сеитова Айгүл  Хамитбековна, ІІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Байбеш Шолпан Бахытжановна иеленді. Жүлдегерлердің барлығы ақшалай

сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Байқау қатысушылары тарих пәнінің мұғалімі Магавина Замзагуль Баракпаевна мен математика пәнінің мұғалімі Шарданбаева Диана Нурмухамедовна түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст