Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2018

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың

қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету

болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі  Бірыңғай тізілімді құрайды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектептің  Тізілімі ведомстволық ұйымдарда көрсетілетін 4 қызметті қамтиды:

  1.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға

қабылдау»

2.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

3.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

4.  «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» 

Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы 478 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

 І «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» АҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2.

1.  Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 2.

II.   Қағаз түрінде- - 476.

1.  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін

ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 466 .

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара

алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 3

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 7.

Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

   Халықты ақпараттандыру мақсатында мектеп  сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесіндегі және халықа қызмет көрсету орталығы стендтерінде орналастырылған.

   Мемлекеттік қызмет көрсетут мәселелері тұрғысында халыққа қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында №1 ОМГ  көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми

Интернет-ресурсында стандарт, регламенттер,  шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

   Ай сайын Көкшетау қаласының білім бөліміне 4 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі  мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.

   Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оң үрдісі байқалады, орындаушы тұлғалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының жауапкершілігі күшейтілді.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст